425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та пошта қызметкері әріптестерін атып өлтірді

  • 88
  • UPD: 12:55, 13.10.2021
АҚШ-та пошта қызметкері әріптестерін атып өлтірді korrespondent.net

Шабуылшы пошта қызметкері екендігі мәлім болды. Ол бастықтарын атып өлтірген. Атыс себептері туралы хабарланбады, деп мәлімдеді «Хабар24».

Американың Теннесси штатындағы Мемфис қаласында атыс болып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.

Пошта қызметінің аумағында атыс жарақаттары бар үш пошта қызметкерінің денесі табылды. Көз жұмғандардың арасында атыс ұйымдастырған адам да бар. Ол өзін-өзі өлтірген.

Пошта қызметкерінің көмекшісі көлігінен атыс қаруын алып, менеджері мен бастығын атып, содан кейін өзін атып тастаған.

Оқиғаға не себеп болғандығы әлі белгісіз.

Бұған дейін Миннесотада барда атыс болған. Нәтижесінде 20 жастағы қыз қайтыс болып, 14 адам жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы