Калифорнияда өрттен ондаған ғимарат күлге айналды

Калифорнияның солтүстігіндегі орман өрті 25 баспана, 16 жүк көлігі мен Сакроменто округіндегі саябақты тып-типыл етті.

Абырой болғанда, апаттан адам шығыны жоқ, десе де бір адамның денесін күйік шалғаны белгілі. Мамандар тілсіз жауды ауыздықтауға аймақта тұрған қатты жел кедергі жасағанын айтады. Өрттен 23 округтің шамамен 29 мың тұрғыны бірнеше күн жарықсыз қалды.

Әзірге апаттың нақты не себептен шыққаны белгісіз.

Тергеу ісі жалғасып жатыр.