Компасу дауылы Қытайдың оңтүстігіне жетті

Қытайдың Гонконг аймағын басып өткен Компасу дауылы елдің оңтүстігіне жетті. Аймақтарда су және көлік қозғалысы тоқтады. Желдің жылдамдығы сағатына 118 шақырым. Көп елді-мекенді дауылдан кейінгі жауын салдарынан су басып жатыр. Хайнань аралы қатты зиян шекті. Опат болғандар туралы әзірге ақпар жоқ. Фуцзянь провинциясында 30 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Филиппинде Компасу дауылынан опат болғандардың саны артты 

Филиппинде Компасу дауылынан 13 адам опат болды. Тағы 9 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кетті. Лусон аралында тасқын мен лай көшкіндерінен 2 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дауылдан елдің солтүстік аймақтарына миллиондаған доллар шығын келген.  

Мексикада Памела дауылынан ауыл шаруашылығына көп шығын келді  

Мексикада да алапат дауыл соқты. "Памела" деп аталған бұл дүлей жел елдің батысындағы Синалоа штатына соғып, аймақтың ауыл шаруашылығы қатты зиян шекті. Екпіні сағатына 100 шақырымға жеткен. Көп елді мекенді су басып жатыр. Аймақта 40 эвакуациялау орталығы ашылған.