425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Германияда үкімет Рождествоға дейін құрылуы мүмкін

  • 45
  • UPD: 11:54, 14.10.2021
Германияда үкімет Рождествоға дейін құрылуы мүмкін

Германияда қыркүйек айының соңында өткен парламенттік сайлаудан кейін жаңа үкімет құру туралы келіссөз әлі жүріп жатыр.

Саяси додада Олаф Шольц бастаған социал-демократтар жеңіске жеткен. Ал Ангела Меркельдің христиан-демократиялық партиясы сәл ғана айырмашылықпен жеңіліп қалған еді. Бірақ консерваторлар өз ішінде кадрлық өзгерістер жүргізіп, доданы жалғастыруға ниетті. Қазір қос партия коалициялық үкімет құру туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Екі саяси күш те шағын партиялармен бірігуді қалайды. Тараптар бірнеше рет кездесу өткізді. Ал сарапшылар социал-демократтар мен жасылдар және еркін демократтардан тұратын үкімет құрылатын шығар деп пайымдайды. Мұндай жағдайда Германияның канцлері Олаф Шольц болуы ықтимал.

Олаф Шольц, социал-демократиялық партияның көшбасшысы:

- Барлық партия жанталасып жатыр. Келіссөздерден нәтиже күтуге болады. Барлық үш партия да өз жоспарын жүзеге асырып, Рождествоға дейін Германияда жаңа үкімет құрылады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы