Калифорнияда орман өрті өршіп барады

Оңтүстік Калифорнияда дүйсенбі күні басталған өрт әлі сөнген жоқ. Жанып жатқан орман. Күн желді болған соң жалын 6 мың гектар жуық жерге таралып үлгірді.

Апат аймағындағы тұрғындар көшірілді. 100-ден аса үй мен өзге де нысандарға қауіп төніп тұр. Олардың ішінде елдің бұрынғы президенті Рональд Рейганның ранчосы бар. Тілсіз жаумен қазір 1 жарым мыңнан аса өрт сөндіруші күресіп жатыр. Бірақ оттың тек 5 проценті аумағы ғана сөндірілген.

Марк Хартвиг, Санта-Барбара округі өрт сөндіру қызметінің басшысы:

- Алдағы күндері күн құбылмалы болып, өртті сөндіру қиындай түсуі мүмкін. Жел күшейсе от одан әрі тарай ма деп алаңдап отырмыз. Сондықтан өртті сөндіру көпке созылуы ықтимал.

Сондай-ақ...