Ғаламның ең толық 3D картасы жасалды

Швейцариялық ғалымдар ғаламның ең толық 3D картасын жасады. Онда 50 миллионға жуық жұлдыздар шоғыры мен 4 жарым мың экзоғаламшар туралы ақпарат бар.

Картаның көмегімен бірнеше метр қашықтықтан Халықаралық ғарыш станциясын, Айды және басқа да нысандарды көруге болады. Бірақ ол үшін арнайы жабдық -  3D-көзілдірік керек. Бағдарламаны кез келген адам жүктей алады. Алайда 3D-картаны дұрыс қолдану үшін қуатты компьютер керек екен.