Индонезия вакцина салғызған туристерге Бали аралын ашты

Индонезия билігі коронавирусқа қарсы екпе еккен 19 елдің азаматтары үшін Бали курортын ашты.

Вакцинадан бөлек туристердің қолында  соңғы 72 сағатта тапсырған ПТР тесттің нәтижесі болу керек. Елге келгеннен кейін олар 5 күн бойы карантинде отырып шығулары тиіс. Сонымен қатар әр саяхатшыда коронавирустың емін қамтитын медициналық сақтандыруы болу керек.

Айта кетейік, қазір аралдың 90 процент тұрғыны ковидке қарсы екпе қабылдаған.