Францияда сенаторлар COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті етуді көздейді

Францияда социалист сенаторлар COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті етуді көздейді.

Тиісті құжат парламенттің жоғарғы палатасында қаралмақ. Бастамашылардың пікірінше, санитарлық төлқұжат енгізілген күннің өзінде де тұрғындар екпе қабылдауға тиіс. Енді жоба авторлары кәмелет жасқа толған әр азаматтың екпелер күнтізбесіндегі тізімге КОВИД-ке қарсы вакцинаны қосу керек дегенді алға тартады. Мәселен, эпидемияны бақылауда ұстаудың жалғыз жолы вакцина дейді мамандар.

Ғалымдардың айтуынша, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы үшін халықтың 90 проценті егілуі тиіс. Болжам бойынша Франциядағы екпе егу науқанының қарқынына сәйкес ұжымдық иммунитет келесі жылдың жазында ғана қалыптаспақ. Сондықтан діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бұл шараны заң жүзінде бекіту керек дейді сенаторлар.

Патрик Каннер, заң жобасының авторы, Сенат депутаты:

- Вакциналау кей кәсіп иелері үшін қазірден міндетті. Алайда пандемиямен ел болып күресуіміз керек. Бұл әр адамның азаматтық борышы. Біз өзіміздің де, өзгенің де денсаулығына жауаптымыз.

Бернар Жомье, Сенат депутаты: 

- Міндетті вакциналау - бұл Франция  халқы үшін жаңашылдық емес. Өткен ғасырда ушыққан шешек ауруы, дизентерия, туберкулез, сіреспе, полиомиелит сияқты түрлі дерттерден қаза тапқандардың саны Ковид құрбандарынан әлдеқайда кем. Бұл кеселдерді тек вакцина арқылы ғана тоқтата алдық. Бүгінде екпе егу шарасы тиімсіз деп ешкім айта алмайды.