Тайвань аралында көп қабатты үйдегі өрттен 40 адам қаза тапты

Тайванның оңтүстігіндегі Гаосюн қаласында 13 қабатты тұрғын үй өртеніп, 40 адам қаза тапты. Тағы 60 тұрғын жараланды.

Лаулаған жалынды өшірумен 159 өрт сөндіруші айналысқан. Алдын ала мәліметтерге қарағанда өрт үйдің коммерциялық нысандары орналасқан бірінші қабатынан шыққан. Апат кезінде тұрғын үй кешенінде 100-ден астам адам болған деген болжам бар. Билік апаттан қаза тапқандардың саны артуы мүмкін деп отыр.