426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пермь университетінде атыс ұйымдастырған студент өз кінәсін мойындады

  • 97
  • UPD: 15:52, 14.10.2021
Пермь университетінде атыс ұйымдастырған студент өз кінәсін мойындады © Алексей Смирнов РИА Новости

Пермьдегі университетте атыс ұйымдастырған студент өз кінәсін толық мойындады.

Бұл туралы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин РИА Новости сайтына берген сұхбатында айтқан.

«Ол өз кінәсін толық мойындады», ­– деді Бастрыкин.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні таңертең қаруланған оқу орнының студенті Тимур Бекмансуров ғимаратта оқ жаудырды.

Оқиға салдарынан алты адам көз жұмып, тағы 28-і түрлі деңгейдегі жарақат алған. Қаскөйдің өзі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілген болатын. Кейін оның аяғы ампутацияланды.

Көп ұзамай атыс видеосы жарияланды. Сол жерде болған куәгерлер де оқиға туралы айтып берді. 

Хабар 24 телеарнасы