Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы Тиете өзенін ақ көбік басып алды.
Мамандар одан өзендегі балықтар қырылып жатқанын айтады. Тұрғындар аймақта тұрған жағымсыз иіске де шағымданып жатыр.
Экобелсенділердің айтуынша, энергетикалық компаниялар жауыннан жиналған суды өзенге құйып тастағандықтан су астындағы химиялық улы заттар сыртқа шыға бастаған. Наразылар жергілікті биліктен су ресурстарына тиісті түрде тазарту жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Апаресидо Бенто Де Оливейра, жергілікті тұрғын:
- Жағымсыз иіс жұрттың әбден мазасын алды. Тіпті көшеде жүру мүмкін болмай кетті. Кешке қарай басымыз ауыратын болды. Қазір бұл жерге келмейтін болдым.