Instagram әлеуметтік желісінде ақаулар пайда болды

Бірқатар елдегі Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары әлеуметтік желідегі ақауларға қатысты шағымданды, деп хабарлайды Хабар 24 Downdetector сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желінің істен шығуы Мәскеу уақытымен 11.35-те болған.

Бұл мәселе туралы алғаш болып АҚШ қолданушылары хабарлады, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ақауларды Еуропаның бірқатар елдерін, соның ішінде Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Франция, Ресейдегі тұтынушылар байқаған.

Downdetector мәліметі бойынша, пайдаланушылар қосымшаның жұмысына, сонымен қатар серверге қосылу, жаңалықтар арнасын көру, сайтпен жұмыс істеу және басқа да проблемаларға қатысты шағымданған.