Тайваньда 46 адам үймен қоса жанып кетті

Тайваньда 13 қабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жай өртеніп қана қойған жоқ, 46 тұрғын мерт болды. Бұл Гаосюн қаласында болған жағдай. Тағы 41 адам түрлі жарақат алған. Олардың арасында өрт сөндірушілер де бар. Құтқарушылар  87 тұрғынды  құтқарып үлгерген. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, от үйдің 1-қабатынан шыққан. Өртті сөндіруге 75 техника мен 160-қа жуық маман тартылған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, от қасақана қойылған болуы мүмкін. 4 күдікті қамауға алынды. Қазір құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар үйінділер астынан тағы адам табылуы мүмкін дейді. 

Айта кетейік 40 жыл бұрын салынған ғимаратта 120 отбасы тұратын. Олардың арасында жалғыз тұратын қариялар көп.