Конгсбергтегі шабуыл теракт деп танылды

Норвегия билігі кеше Конгсберг қаласында болған жағдайды теракт деп таныды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 5 адамды садақпен атып, мерт еткен 37 жастағы Эспен Андерсен Бротен есімді күдікті бұған дейін де радикалды ұстанымы арқылы тәртіп сақшыларының назарына іліккен болатын. Енді ол психиатриялық тексеруден өтуге тиіс. Оны қылмысқа не итермелегені әзірге белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.