Билл Клинтон ауруханаға түсіп қалды

Саясаткер ауруханаға сепсиске байланысты түскен.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон инфекцияға байланысты Калифорнияның Ирвин университетіндегі Медицина орталығының реанимация бөліміне жатқызылды. Бұл туралы 15 қазан, жұмаға қараған түні CNN хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, саясаткердің жағдайының нашарлауына қанға вирустың түсуі (сепсис) себеп болған.

Бұрынғы мемлекет басшысының өкілі оның сейсенбі күні кешке ауруханаға түскенін айтты.

«Қазір оның жағдайы тұрақты, көңіл күйі жақсы, клиника қызметкерлеріне риза», – деді ол.