434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Израильдегі аурухананың біріне кибершабуыл жасалды

  • 145
  • UPD: 17:38, 15.10.2021
Израильдегі аурухананың біріне кибершабуыл жасалды

Соның кесірінен дәрігерлер ортақ базаға кіре алмай қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хакерлер науқастардың жеке мәліметтері мен сынамаларын алу үшін биткоинмен төлем жасауды талап етіп отыр. Олай етпесе, барлық мәліметті жойып жібереміз деп сес көрсеткен. Осы оқиғадан кейін басқа ауруханалар барлық деректердің көшірмесін жасауға кірісті.   

Салман Зарка, денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

– Барлық ірі клиника дерекқорларды қайта сақтап, көшірмесін жасап алғаны жөн. Оған ғаламторды қоспай-ақ кіре алатындай болу керек. Қажет болса, ең маңызды деген ақпараттар қағазға басып шығарылуы тиіс. Мамандар мұндай жағдайдың қайталанбайтынына кепіл бермейінше барынша сақтанымыз абзал.

Хабар 24 телеарнасы