Кандагардағы мешітте жарылыстан қаза тапқан адам саны артты

Ауғанстанның Кандагар қаласындағы мешіттегі жарылыстан қаза тапқандар саны артып, 33-ке жетті.

Тағы 60-қа жуық кісі жараланған. Мәліметке қарағанда беліне бомба байлаған содыр жұма намазы кезінде мешітке кіріп, өзін жарып жіберген. Жергілікті билік құрбандар саны артуы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, қазанның 8-і күні Құндыз қаласындағы мешітте де жарылыс болып, 150 адам көз жұмған. 200-ден аса кісі жараланды. Лаңкестік әрекетті «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының бір бөлімшесі мойнына алды.