Филиппинде 12-17 жас аралығындағы балаларды вакциналау басталды

Филиппинде 12 мен 17 жас аралығындағы балалар вакцина салдыра бастады.

Әсіресе тыныс алу және өзге де ауруы бар жеткіншектерді егуге басымдық беріліп отыр. Өйткені алдымен осы балалрды жұқпалы дерттен қорғау маңызды. Ұлттық денсаулық сақтау департаменті алдымен ел астанасы Маниладағы жасөспірімдерді вакциналап, 2 аптадан кейін өзге аймақтарға шығады.

Ресми дерекке сүйенсек 109 милионнан астам тұрғыны бар Филиппинде 21 миллионнан аса адам толық екпе алған.

Кристл Фернандес, оқушы:

– Мен отбасымды індеттен қорғау үшін вакцина салдырдым. Себебі кей кездері ата-анамның саудасына көмектесіп, көшеге шығып тұрамын. Сондықтан вакцина өте маңызды деп ойлаймын.

 

Сондай-ақ...