«ДАИШ» Ауғанстан мешітіндегі жарылысты өз мойнына алды

Ауғанстанда мешіттегі жарылысты «ДАИШ» өз мойнына алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қандағарда болған жарылыс – Ирак және Левант лаңкестік ұйымының ісі.  Экстремистер жанкештілердің аты-жөні мен суретін жариялады.

Жарылыс кеше жұма намазы кезінде болған еді. 2 лаңкес күзетшілерді атып өлтіріп, ішке басып кірген.

Соңғы мәлімет бойынша, шабуылдан қаза тапқандар саны 50 адамға жуықтады. Ондаған кісі жарақат алған. Бұл – Ауғанстанда АҚШ әскері кеткен соң болған ең қанды оқиға.