Ұлыбританияда парламент депутатын пышақтап кетті

Ұлыбритания парламентінің депутатын 25 жастағы жігіт пышақтап тастады. Оқиға Ли-он-си қаласындағы шіркеуде болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ойламаған жерде мерт болған саясаткер Дэфид Эмесс осында сайлаушылармен кездесуге келген екен. Оған бірнеше жерден пышақ сұққан.

Қаскөй – Британия азаматтығын алған Сомали тумасы. Тергеушілер бұл қылмысты лаңкестік әрекет деп бағалады.

«Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, Дэвид Эмесстің бес баласы бар, 40 жылдай қатардағы қызметкер болып жұмыс істеген екен. Кейінгі жылдары Консервативті партияның белді мүшесі болған. Ол елге жасанды түсік жасатуға үнемі қарсы тұрған және жануарларға жанашыр ретінде белгілі.