Аты шулы «Кальмар ойыны» Мәскеуге жетті

Netflix тарихында рекордты қаралымға ие болған «Кальмар ойыны» Мәскеуге жетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Ресей астанасындағы корей дәмханасы келушілерге уеб-сериалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін қайталауды ұсынады. Мәселен, иненің ұшымен печеньедегі бейнені қалған бөлігін бұзбай кесіп алу міндеті жүктеледі. Тапсырманың орындалуын қызғылт киім киген қарақшылар бақылап тұрады. Орындай алмаған қонақтар ащы бұрыш жеуі керек.

Нуслима, дәмхана қызметкері:

– Менің міндетім – ойнап отырған адамдарды қадағалау. Жеңілген жағдайда олар жазаға тартылады. Тапсырмаға бар-жоғы 10 минут қана беріледі. Жеңіске жеткендер тәттіге ие болады.

Оңтүстік Кореяның «Кальмар ойыны» уеб-сериалын 1 айға жетпейтін уақытта 111 миллионнан астам адам көрген. Netflix бұл картинаны әрі қарай түсіру үшін 500 миллион доллар бөлетінін хабарлады.