Қытайда адамы бар ғарыш кемесі орбиталық станцияға жетті

Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы орбиталық станцияға ішінде 3 адамы бар кеме жіберді.

Ол елдің солтүстігіндегі «Цзюцюань» ғарыш айлағынан аттанған. «Шэньчжоу-13» сәтті түйісті. Бұл Қытайдың ең ұзақ мерзімге арналған миссиясы. Енді экипаж мүшелері онда жарты жыл жұмыс істейді. Олар ғылыми іс-тәжірибе жасау үшін ашық ғарыш кеңістігіне бірнеше рет шығуды жоспарлап отыр. Арасында Ван Япин есімді екінші ғарышкер әйел бар.

Цзоу Липэн, «Цзюцюань» ғарыш айлағының басшысы:

– Бейжіңдегі ғарышқа ұшу басқарма орталығының хабарлауынша, «Чанчжэн-2F» зымыран тасығышы «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесін орбитаға шығарды. Күн панельдері дер кезінде ашылып, қалыпты жұмыс істеді. Сондықтан ішінде адамы бар ғарыш кемесін ұшыру миссиясы сәтті аяқталғанын хабарлаймын.