Чарльз Дарвиннің микроскопы аукционға қойылады

Ұйымдастырушылар бұл жәдігер кемінде 480 мың долларға сатылады деп сенеді.

Аталған құрылғы 19 ғасырдың басында жасалған. Ол ағылшын ғалымының бүгінге жеткен 6 микроскопының бірі. Эволюция теориясының авторы оны ұлына сыйлаған және әулетте 2 ғасыр сақталған. Жоспар бойынша лот желтоқсан айының ортасында бәссаудаға түсуі керек.

Джеймс Хислоп, Christie's аукцион үйінің ғылыми қызметкері:

– Чарльз Дарвиннің аты-жөні – ғылым тарихындағы ең әйгілі есімдердің бірі. Ол тұтынған заттар әлемнің түкпір-түкпіріне таралып кеткен. Аукцион саудасы өте қызу болатын сияқты. Микроскоп қорабының ішінде Дарвин жазған атаулар бар.