434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бельгия астанасында карантин күшейді

  • 126
  • UPD: 21:39, 16.10.2021
Бельгия астанасында карантин күшейді

Брюссельде дәмхана, мейрамхана, аурухана мен қарттар үйлеріне және фитнес-орталықтарға кіру үшін ковид-құжат талап етіледі.

Бұл ереже бұқаралық іс-шараларға да қатысты. Ковид-құжатта толық вакцина салдырғаны, ауру тарихы немесе соңғы ПТР-тест туралы мәлімет беріледі. Бұл куәлік 16-дан асқан барлық азаматтар үшін міндетті. Көрсетпегендерге 500 еуроға дейін айыппұл салынады. Бірақ аталған куәліктің бар-жоғы қоғамдық көлікте, дүкенде, кеңселер мен оқу орындарында, ашық аспан астындағы мейрамханаларда тексерілмейді. 

Фредерик, мейрамхана қызметкері:

– QR-кодыңызды көрсетесіз де, үстелге барып жайғаса бересіз. Еш кедергі жоқ. Бұл адамдарға өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді. Алғашқы аптада бізге және келушілерге бейімделуге уақыт берілді. Бірақ біраз күннен кейін бақылау күшейеді деп ойлаймын. Арнайы адамдар келіп тексеріп отырады.

Лукреция Персон, зейнеткер:

– Әзірге менің телефонымда аталған қосымша жоқ, оны мүлде түсінбеймін, бірақ мен вакцина салдырғанмын, қағаз куәлігім бар. Маған солай қолайлы сияқты.

Хабар 24 телеарнасы