Ресейде спирт аралас метанол ішіп қайтыс болғандардың басым бөлігі ер адам

Ресейдің Екатеринбург қаласында 18 адам метанол қосылған спирттен уланып, қайтыс болды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ішімдік сатылған базарда арнайы операция өткізіліп, сауда жасады деген 2 күдікті қамауға алынды. Көз жұмғандардың арасында 12 ер және 6 әйел бар. Құрбандардың ең кішісі 25, ең үлкені 78 жаста болған. Улы арақтан тағы қанша адамның зардап шеккені анықталып жатыр.

Валерий Горелых, Ресей ІІМ Свердлов облысы бойынша баспасөз хатшысы:

- Жедел уәкілдер құрамында қауіпті суррогат спирт бар сұйықтық өндірілуі мүмкін орындарды тексеріп жатыр. Ішкі істер министрлігінің өкілдері күдіктілердің сыбайластарын және осы заңсыз бизнеспен қашаннан бері айналысатынын анықтау үстінде. Бұл қайғылы оқиға ішімдікті күдікті орыннан және күмәнді адамдардан сатып алудың қаншалықты қауіпті екенін көрсетіп отыр.