434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Саакашвилидің жағдайы нашарлады

  • 150
  • UPD: 15:17, 17.10.2021
Саакашвилидің жағдайы нашарлады

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің халі нашарлады. Сондықтан оны шұғыл ауруханаға жатқызу керек. Бұл туралы Украинаның Жоғарғы Рада депутаты Елизавета Ясько хабарлады.

Айтуынша, Саакашвилидің денсаулығы бірнеше аптадан бойы аштық жариялағандықтан күрт төмендеген. Ол қазір Рустави қаласындағы түрмеде. Осының алдында саясаткер дәрігерге қаралуға және дәрі қабылдауға келіскен еді. Дәрігерлердің кеңесі 19 қазанда өтуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, Саакашвили Грузияға 8 жылдан кейін қайтып келген кезде қамауға алынды. Оралу мақсаты наразылық шеруіне қатысу болатын. Саакашвилиге туған елінде бірнеше айып тағылған.

Хабар 24 телеарнасы