Кашмирдегі бүлікшілер шабуылында бейбіт тұрғындар қаза тапты

Кашмирдегі бүлікшілер шабуылында бейбіт тұрғындар қаза тапты

Үндістанның шекаралық дауға айналған Кашмир аймағында бүлікшілер шабуыл жасап, 2 адамды атып өлтірді. Полиция бұл оқиғаны «лаңкестік әрекет» деп бағалады.

Қаза болғандар елдің өзге өңірінен келген жұмысшылар екені анықталды. Осы шабуылдан кейін шұғыл арнайы операция жасаған үкімет әскері 4 содырдың көзін жойды.

Жалпы, Үндістанда 1 аптада 1 мыңнан астам экстремист қамауға алынды. Оларды қолға түсіру кезінде 10-ға жуық сарбаз көз жұмды.