Кумбре-Вьеха жанартауының белсенділігі артты

Испанияның Пальма аралында Кумбре-Вьеха жанартауының белсенділігі артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан аққан ыстық лава 740 гектар жер телімін тып-типыл етті. Ақпарат көздері аралда бір тәулікте 42 жерасты дүмпуі қайталанғанын хабарлайды. Ал мамандар жерде тағы бір жарықтың пайда болғанын айтты. Әзірше одан тек қара түтін мен күл атқылап жатыр. Апатты деп танылған аймақтан шамамен 7 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Жуырда жергілікті әуе компаниялар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аралға ұшатын 38 рейстің 22-сін кейінге шегерді.