430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пермьдегі мектептің бірінде атыс болды

  • 129
  • UPD: 11:10, 18.10.2021
Пермьдегі мектептің бірінде атыс болды focus.ua

Ресей Федерациясы Пермь облысының Октябрь ауданындағы мектепте атыс болды, деп хабарлайды Хабар 24 «Риа Новости» сайтына сілтеме жасап.

Октябрь ауданының диспетчерлік қызметі атыстың болғанын растады, алайда толық мәлімет әлі жарияламады.

Бұл аудан Пермь өлкесінің оңтүстігінде орналасқан, тұрғындар саны 26 мыңнан асады.

Хабар 24 телеарнасы