Пермьдегі атыс оқиғасы бойынша күдікті ұсталды

Құқық қорғау қызметкерлері атыс оқиғасы бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Хабар 24. «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап.

Ол – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Күдікті қарудан екі мәрте оқ атып, қабырға мен төбеге тигізген.

Жергілікті жауапты орган өкілінің хабарлауынша, атыс оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Күдікті – аталған мектептің 6-сынып оқушысы.

Айта кетерлігі, қару көздеп, қауіп тудырған жасөспірімді мектеп директоры тоқтатқан.

Бұған дейін Пермь аумағындағы мектептердің бірінде атыс болғаны хабарланған еді.