Кениядағы аштық демографияға әсер етті

Кенияның солтүстігінде жасы әлі 5-ке келмеген жарты миллион бала аштықтың зардабын тартып отыр. Тағы 100 мыңға жуық аяғы ауыр келіншек те тойып тамақ ішпейді.

Оған алапат қуаңшылық себеп. Өңірде жаңбыр жаумағынына осымен 2 ай болды. Аш адамдар қатарының көбеюіне құрғақшылықтан бөлек коронавирус пандемиясы мен шегірткелер шапқыншылығы да әсер еткен. Соның салдарынан аймақта азық-түлік бағалары айтарлықтай қымбаттап кеткен. Ал сарапшылардың болжамы көңіл көншітпейді. Жаңбыр жаумаса, келер айда елдегі аш адамдар саны 2 жарым миллион болуы мүмкін дейді. 

Морис Оньянгго, сарапшы:

- Кенияда бұған дейін де қуаңшылық болып тұратын. Алайда біз оларды болжай алатын едік. Ал кейінгі жылдары бұл мүмкін болмай тұр. Бұрын құрғақшылық 5-10 жылда болатын. Ол уақыт ішінде біраз затты қалпына келтіруге болады. Бірақ қазір құрғақшылықі жыл сайын қайталанатын болды.