АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл қайтыс болды

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл COVID-19 кесірінен 84 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы саясаткердің отбасы мәлімдеді.

Колин Пауэлл — АҚШ-тағы танымал мемлекет қайраткерлерінің бірі. Пауэлл президент Рональд Рейганның көмекшісі болған, кейін 1990 жылдардың басында АҚШ ҚК штаб бастығы комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2001-2005 жылдары Пауэлл кіші Джордж Буш жанындағы мемлекеттік департаментті басқарған.

Ал 2003 жылдың ақпанында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында «химиялық және бактериологиялық қару қолданды» деп мәлімдеп, Иракқа әскер енгізуді ұсынды.