Вьетнамда су тасқынынан үш адам қаза тапты

Вьетнамда су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан 3 адам қайтыс болып, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалып кетті.

Елдің солтүстігі мен орталығында нөсердің толастамай тұрғанына біраз болды. Соның салдарынан жолдар жабылған. Мектептер уақытша жұмыс істемей тұр. Мамандар жауын жақын арада тоқтамайды дейді. Сондықтан лай көшкіні жүру қаупі сақталатынын ескертіп отыр. Осы тасқын су Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тағы бір мемлекет - Таиланд халқын да әбігерге салды. Табиғат апатынан 300 мыңнан аса үй шаруашылығы зардап шеккен. Кей өңірдегі су деңгейі белден келеді. Ал метеорологтар алдағы 10 күн ішінде жаңбырдың тоқтауы екіталай дейді.