Словакияда футбол матчы кезінде жаппай төбелес болды

Словакияда футбол матчы кезінде жанкүйерлер жаппай төбелес ұйымдастырды. Оқиға жергілікті клубтардың кездесуі кезінде болған.

Ойынның 15-минутында екі команданың жанкүйерлері алаңға жүгіріп шығып, бір-бірімен төбелескен. Матч  тоқтатылып, полицейлердің көмегі қажет болды. Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды. Бас төреші ойын әрі қарай жалғаспайтынын жария етті. Енді осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтеді.