Англия ғалымдары ғылыми жаңалық ашты

Англияда қатерлі ісік ауруының белгілерін алдын ала анықтайтын революциялық тест сынақтан өтіп жатыр. Бұл арқылы қандағы рак клеткаларының ДНК-сын зерделеп, ауруды ерте анықтауға болады. Сынаққа жасы 50-ден асқан еріктілер қатысып жатыр.

Бүгінгі таңда қатерлі ісік адам жасушасы биохимиялық зерттеуге жіберілгеннен кейін анықталады. Бірақ ол үшін аурудың симптомдары болуы керек. Біріншіден, бұл кей жағдайда өте қиын процедура, екіншіден безді нақты қай жерден іздеу керек екені белгісіз. Ник Йорк лейкемияның созылмалы түрімен ауырады. Обырдың ерте диагностикасы өмірімді 180 градусқа өзгертер еді, дейді ол.

Ник Йорк, науқас:

– Менің диагнозым 7 жыл бұрын белгілі болды. Ауруымның симптомдары өзгеріске шырағанына қарай кезең-кезеңімен ем қабылдап жатырмын. Егер бұл ғылыми жаңалық бұған дейін жарияланғанда мен мұндай жағдайға түспес едім.

Америкалық биотехнологиялық стартап жобасы Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Тест онкологиялық аурулардың 50-ден астам түрінің белгілілерін алдын ала анықтауы мүмкін, дейді мамандар.

Саймон Стивенс, Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің басшысы:

– Қатерлі ісік белгілерін ерте анықтау арқылы ауруды асқындырмауға болады. Бүгінде аналық без обыры, ұйқы безінің қатерлі ісігі сияқты кеселдерді алдын-ала білуге мүмкіндік жоқ. Біз бұл олқылықтың орнын толтырған әлемдегі тұңғыш медициналық қызметтердің бірі болғымыз келеді.

Қатерлі ісік белгілері бірінші кезеңде анықталған адамның сауығу мүмкіндігі төртінші кезеңдегі науқасқа қарағанда 5-10 есеге дейін артады. Мамандар мұны революциялық ғылыми  аңалық десе, сарапшылар асығыс шешім қабылдамай, ұзақ зерттеулерден кейін ғана тиімділігі туралы айтқан жөн дейді. Өйткені жалған дабыл қағылған жағдайда пайдасынан зияны көп болуы мүмкін.

Бүгінде зерттеу жұмыстарына 140 мың адам қатысып жатыр. Алғашқы қорынтындылары 2023-жылға қарай жарияланбақ. Егер нәтиже көңіл көншітерлік болса, 2025-жылы еріктілердің санын 1 млн-ға дейін арттырып, сынақты одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы