Ресейде коронавирусқа қарсы шектеу шаралары күшейтілді

Ресейде 5 күн қатарынан вирусқа шалдыққан науқастар саны артып отыр.

Күіне 34 мыңнан астам адамға ковид диагнозы қойылып жатыр. Ал індет құрбандарының тәуліктік саны мыңнан астам. Эпидахуал ел астанасы Мәскеуде және Санкт-Петербургте ушығып тұр. Шаһар басшысы барлық жұмыс берушілерді өз қызметкерлерін 1 қарашадан бастап қашықтан жұмыс істеу форматына көшіруге шақырады. Мемлекеттік қызметкерлерге де үйден жұмыс істеуге тура келеді. Билік өкілдері өңірдегі жағдай оңалмаса, шектеу шаралары одан бетер қатаңдайды деп отыр.