Латвияда локдаун енгізіледі

Латвияда қазанның 21-інен қарашаның 15-іне дейін локдаун енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биліктің бұл шешіміне аймақтағы эпидахуал себеп. Жаңа ережеге сай, кешкі сағат 20:00-ден таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат жарияланып, оқушылардың демалысы бір аптаға ұзартылады.

Сонымен қатар өндіріс орындарында істейтін қызметкерлерге ғана жұмысқа келуге рұқсат берілді. Барлық спорттық, мәдени іс шаралар кейінге қалдырылды. Латвия премьер-министрінің айтуынша, елде әлі күнге дейін екпе қабылдамаған азаматтардың қарасы қалың. Салдарынан жаңа тіркелген науқастардың саны күн өткен сайын артуда.

Айта кетейік, Латвияда соңғы тәулікте 1253 адам вирус жұқтырған.