Еуроодаққа мүше елдерде ортақ конституциялық соттар палатасы болуы керек

Польша премьер-министрі Матеуш Моравиецки ЕО елдерінің Конституциялық соттар палатасын құруды ұсынды.

Еуроодаққа мүше мемлекеттерге ортақ конституциялық соттан тұратын ЕО сотында ортақ алаң болуы керек. Бұл туралы еуропалық Парламенттің жалпы отырысында айтылды.

Матеуш Моравецкий, Польша премьер-министрі:

– Мен Еуроодаққа мүше елдердің Конституциялық соттары анықтайтын судьялардан тұратын ЕО Әділет сотының палатасын құруға кеңес беремін. Алайда соңғы шешімді әр ел өзі қабылдайды. Меніңше, Еуроодаққа мүше елдерде ортақ осындай алаң болуы заңды.