Бейбіт шеруге шыққан Чили тұрғындары полициямен қақтығысты

Чилиде 2019 жылғы болған жаппай ереуілдерге 2 жыл толуына орай ел астанасы Сантьягода ірі шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бейбіт түрде басталған акция көп ұзамай тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Шерушілер полицейлерге тас лақтырып, бұзақылық әрекеттерге барған. Сөйтіп ел азаматтары көшедегі дүние-мүлікті қиратып, көліктерді өртеп жіберіпті. Осыған байланысты күштік құрылым өкілдері ашуға бой алдырған топты таратпақ болып оларға қарсы суатқыштар қолданды.

Айта кетейік, 2 жыл бұрын Чилиде жаппай ереуілдер басталған еді. Мыңдаған тұрғын көшеге шығып, елдегі экономикалық түйткілдерге қарсы бас көтерді. Соның салдарынан 30 азамат қайтыс болды.