Чехия президенті енді өз міндеттерін атқара алмайды

Прагадағы әскери госпиталь дәрігерлері осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, 10 қазанда мемлекет басшысы Милош Земан жан сақтау бөліміне түскен. Алайда дәрігерлер оның нақты диагнозын жария етпей отыр. Саясаткердің бұрыннан қант диабетімен ауыратыны белгілі. Ақпарат құралдары оны бауыры да мазалайтынын хабарлаған. Ал соңғы уақытта Чехия президентінің арбаға таңылғаны анықталған. Осыған орай медицина қызметкерлері оның жақын арада қызметіне оралуы екіталай деп отыр. Енді парламенттің қос палатасы мемлекет басшысының өкілеттін тапсыруы бойынша дауыс беру керек. Ал полиция президент әкімшілігіне қатысты тергеу бастады. Өйткені олар Милош Земанның денсаулығы жөніндегі ақпаратты бұрмалауы мүмкін деген хабар тараған.