Эквадорда қылмыстың өршуінен төтенше жағдай жарияланды

Эквадорда президент 60 күнге төтенше жағдай жариялады. Бұл шешім есірткі қылмысының өршуіне байланысты қабылданған.

Қазір ірі елді мекендерде тексеріп өткізу бекеттері орнатылған. 2 айға жарияланған төтенше жағдай елдегі 24 провинцияда тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді. Мәселен, бір ғана Гуа́яс аймағындағы кісі өлімінің 70 проценті есірткі қылмысымен байланысты болып отыр. Ал жыл басынан бері 147 тонна зиянды зат тәркіленген.

Гильермо Лассо, Эквадор президенті:

- Барлық әлеуметтік салалар полициямен және әскермен бірге қоян-қолтық жұмыс істеуі тиіс, себебі қазір біздің көшелерде бір ғана жау бар, ол есірткі топтары.

Сондай-ақ...