Британияда дельта-штамның жаңа түрі пайда болды

Ұлыбританияда Дельтаның тағы бір түрі саналатын А-У 4.2 вирусы пайда болды.

Бұл туралы Файнэншл Таймс ((Financial Times)) газеті хабарлады. Оның мәліметі бойынша аталған вирус бұрынғы штаммдарға қарағанда 15 процентке жұқпалырақ. Бұл ел аумағындағы ковид-науқастардың артуына өз әсерін тигізген болуы мүмкін, дейді ғалымдар. Өйткені бүгінге дейін британ жерінде ковид жұқтырған азаматтардың 10 процентінен дәл осы вирус анықталған.

Айта өтейін, соңғы күндері Ұлыбританияда инфекцияға шалдыққандар қатары қайта арта бастады. Тек өткен тәуліктің өзінде қауіпті вирус 45 мыңдай адамнан табылған.