Сирияда лаңкестік шабуылдан 14 әскери қызметкер көз жұмды

Сирияның Дамаск қаласында лаңкестік шабуыл жасалып, автобус жарылды.

Алдын ала болжам бойынша, 14 әскери қызметкер қаза тапқан.

Сәрсенбі күні таңертең Раис көпірі ауданында, Дамароуз қонақ үйі маңында лаңкестер екі жарылыс ұйымдастырып, салдарынан Сирия әскеріне тиесілі автобус жарылды.

«Болжам бойынша, автобуста болған 14 әскери қызметкер қаза тапты», – делінген қауіпсіздік қызметі таратқан ақпарда.