Израильде COVID-19 вирусының жаңа штамы анықталды

Израильде COVID-19 вирусының жаңа нұсқасы анықталды, деп хабарлайды Хабар 24. Корреспондент.net сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың пайымынша, коронавирустың AY.4.2 деп аталатын жаңа мутациясының жұғуы Уханьдағы бастапқы нұсқасына қарағанда 15 процентке жылдам, тіпті Дельта штамымен салыстырғанда өте жұқпалы саналады. Бұл туралы 19 қазанда The  Times of Israel газеті хабарлаған еді.

«Мутацияны жұқтырған науқас – 11 жасар бала. Ол Молдавиядан қайтқанда әуежайда сынақ тапсырып, нәтижесі оң болды», - делінген министрліктің хабарламасында. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі жаңа штамның қаншалықты жұқпалы екенін анықтауда.

Науқас бала қазіргі уақытта оқшауланған, еліне оралған соң да ешкіммен байланыспаған, дәрігерлердің жіті бақылауында.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның баспасөз өкілі AY.4.2 вирусының таралу қаупін жоққа шығарған болатын.

Сондай-ақ...