Жапониядағы АСО жанартауы оянды

 Жанартаудан атқылаған от пен күл 3,5 мың метр биіктікке дейін көтеріліп жатыр.

Жапонияның оңтүстік батысында АСО жанартауы оянып, от пен күл атқылап жатыр. Оның биіктігі 3,5 мың метр биіктікке дейін көтерілген. Елдің метеорологиялық агенттігінің мамандары аймақ тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады. Халыққа апат орнына жақындауға тыйым салынды. Мамандар қауіптіліктің үшінші деңгейін жариялады. Табиғаттың тосын мінезінен мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Сондай-ақ...