2050 жылы «климаттық мигранттар» саны 216 миллионға жетеді

Кейінгі уақытта жаһандық жылынуға байланысты «климаттық мигранттар» сөз тіркесі жиі қолданылатын болды.

Бұл климаттың өзгеруі салдарынан үй-жайын тастап, басы ауған жаққа бас сауғалаған адамдар. Дүниежүзілік банк болжамынша, 2050 жылы ондай мигранттардың саны 216 миллионға дейін жетеді. Көбі – Африка мен Азия елдерінің азаматтары. Осылайша сарапшылар болашақта экологиялық проблема экономикалық мәселеге айналып шыға келетінін айтып дабыл қағып отыр.