АҚШ-та ең суық әрі ұзақ қыс тіркелуі мүмкін

Биыл қыс қатты болатынын мамандар айтып отыр.

АҚШ-та да бұрын-соңды болмаған ең суық әрі ең ұзақ қыс түсуі мүмкін. Мұндай ақпаратты осы елдегі 230 жылдық тарихы бар ауа райын болжау баспасының мамандары хабарлады.

Олардың болжауынша, АҚШ-тың солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде аяз қатайып, қар бұрынғыдан көп түседі. Күн жүйесі мен климаттық зерттеулердің нәтижесі осындай. Бірақ АҚШ-тың метереологиялық қызметі мұндай болжамды растап отырған жоқ, өйткені келтірген жорамалдың дәлдігі күмән туғызатынын айтады. Сол себепті америкалықтар әзірге уайымсыз жүр.

Нью-Йорк тұрғыны:

– Күннің сууына жақсы жағынан қарау керек сияқты. Өйткені суық айларда адамның  ұйқысы жақсарып, белсенділігі артады деп ойлаймын. Өз басым күз мезгілін жақсы көремін. Өйткені айнала көркейе түседі.

Нью-Йорк тұрғыны:

– Өткен жаз аптап ыстық болған еді. Енді Нью-Йоркте күн айтарлықтай суып кетті. Демек келер қыс қатты суық болады деуге негіз бар.  Өз басым суық ауа райын ұнатамын. 

Сондай-ақ...