АҚШ ғалымдары доңыздың бүйрегін адамға салды

Бұл тарихта алғаш болып отырған жағдай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар операцияның сәтті өткенін айтады. Бүйрек өз қызметін мінсіз атқарып тұр. Ғалымдардың айтуынша, адамға салынған бүйрек генетикалық түрлендірілген доңыздыкі. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, науқасқа мидың өлімі деген диагноз қойылған екен. Енді ақ халаттылар донор мәселесі шешіледі деп үмітті. Қазір бір ғана АҚШ-тың өзінде 90 мыңға жуық адам бүйрек трансплантациясына мұқтаж. Әдетте науқастардың алды донорды 5 жылға дейін күтеді.

Роберт Монтгомери, трансплантолог:

– Біз генетикалық түрлендірілген шошқаның бүйрегін транплантацияладық. Мамандар шошқа мен адам ағзасындағы сәйкессіздікті анықтайтын жасушаны алып тастады. Бұрын дәл осындай операция жасалынғанда көп ұзамай ағза донорды қабылдамай қоятын. Енді жануарлар арасындағы генетикалық инженерияның арқасында жаңа үміт пайда болды.

Сондай-ақ...