Қытайда жарылыстан бір адам көз жұмды

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Шэньян қаласында болған жарылыстан бір адам қаза тауып, тағы 33-і жарақат алған.

Бұл туралы жергілікті өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасай отырып South China Morning Post хабарлайды.

Басылым мәліметінше, жарылыстан бірнеше ғимарат пен көлікке зақым келген. Әлеуметтік желілерде көліктегі видеотіркегішке түсірілген жазбалар тарауда. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала болжамға сәйкес, жарылысқа газ себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ...