КВИ: жаңа штамм аса қауіпті емес

Кешелі бері таралып жатқан коронавирустың жаңа штамы аса қауіпті емес. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Саджид Джавид осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы аптада Біріккен Корольдікте дерт жұқтыру деңгейі 20, ал ауруханаға жатқандар саны 10 процентке өскен. Министр күніне коронавирус жұқтырған адамдар саны 100 мыңға жетуі мүмкін деп ескертті.

Саджид Джавид, Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі:

- Пандемия әлі аяқталған жоқ. Рас, вакциналаудың арқасында өлім-жітім мен науқастар саны азайды. Бірақ коронавирус әлі қауіп төндіріп тұрғанын естен шығармауымыз керек. Қазір COVID-19, «Дельта» штамының AY.4.2 деп аталатын жаңа мутациясы таралып жатыр. Алайда оны аса қауіпті деп есептеуге еш негіз жоқ. Ал одан кейін пайда болатын келесі штамм анағұрлым қатерлі болуы мүмкін.

Британиялық дәрігерлер мен ғалымдар үкіметті көпшілік жерде бетпердемен жүруді қайта міндеттеуге және ковид-куәліктерді талап етуге шақырды. Бірақ билік әзірге шектеулер енгізуге асығар емес.